2025 жылдың басынан бастап Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 15%-ға өсті, деп хабарлайды DKnews.kz.
- Өндіріс көлемі – 57,5 млрд теңге (2024 жылдың осы кезеңінде – 50 млрд теңге)
- Нақты көлем индексі (НКИ) – 107,5%
- Негізгі капиталға салынған инвестиция – 10 млрд теңге
- Салық түсімі – 65,2 млрд теңге (2024 жылы – 58,7 млрд теңге)
Тұрғын үй құрылысының дамуы:
- Бір жыл ішінде 16 712 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- Өсу көрсеткіші – өткен жылмен салыстырғанда 577% (2 896 шаршы метр)
Заңсыз саудамен күрес:
- Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жыл басынан бері ауданда 25 стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) сүрілді.
- Жалпы қала бойынша 4 ақпаннан бастап шамамен 500 нысан бұзылды
- Жұмыс жалғасуда – кәсіпкерлерге сауда нысанын орналастыру ережесін сақтау ұсынылады