Орталық Азия елдері Қазақстанға суару маусымында көмек көрсетеді

3916
Фотосурет: Gov

Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті.

Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

«Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз»  Нұржан Нұржігітов 

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан бері осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -