Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі едәуір жақсартылып, әлеуметтік нысандарды жаңарту 52% жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осы орайда 15 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Ал биыл 1080 орынды 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыста үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен оқушы орындарының жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында заманауи материалдық-техникалық базамен жадықталған жаңа мектептер салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Мәселен, облыс құрылғалы бері 5310 орынды 15 мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 2 мектептен, Көксу ауданында 3 мектеп, Панфилов ауданында 4 мектеп тұрғызылды. Оның ішінде Жаркент қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 1200 орынды мектеп те бар. Сонымен қатар бұл жаңа құрылыстар бейімделген мектептер мәселесін шешуге ықпал етіп, нәтижесінде аталған мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Солардың бірі Сарқан ауданы Бірлік ауылында салынды.
Мектебіміз өте кең, ескі ғимаратта екі ауысыммен оқысақ, жаңа мектепте бір ауысыммен оқимыз, ал түстен кейін мектепке қосымша үйірмелерге келеміз. Мектепте мәжіліс залы, асхана, спорт зал, заманауи пән кабинеттері — бәрі бар. Химия, биология, физика сияқты кабинеттерде қажетті құралдармен жабдықталған зертханалармен жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Бұрынғы ескі мектептің стадионында газон алаңы болмағандықтан, жаңбыр жауғанда батпақ болып жататын да ондай кезде балалар волейбол, баскетбол, футбол ойнай алмайтын. Қазір мұнда алаңсыз білім алуға, дене шынықтыруға барлық мүмкіндік жасалған Дейді Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ділназ Төлепберген
Бұған қоса биыл 13 білім беру нысанның құрылысы жүргізіледі. Соның ішінде жыл соңына дейін Алакөл ауданы Достық ауылында «Жайлы мектеп» жобасымен, сол сияқты Ақсу ауданы Көлтабан ауылында, Панфилов ауданы Лесновка ауылында, Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жалпы саны 1080 орынды 4 жаңа мектеп іске қосылады.
Еске салсақ, өңірлердегі жаңа мектептер құрылысына ел Президент оң баға беріп, Талдықорғандағы Ынтымақ ауылындағы мектепті үлгі ретінде атап көрсеткен болатын.
Жалпы, өңірде үш жылда 270 әлеуметтік нысан жаңадан салынып, жөнделді, соның нәтижесінде білім саласы нысандарын жаңарту 41,2% жетті.
Сонымен қатар білім саласының материалдық-техникалық базасын жақсартумен қатар оқушылардың тәрбиесіне де ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда облыс әкімінің бастамасымен өңірде «ныңсыализов для снижения уровниӘдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор жобасы» қолға алынып, бүгінде мектептерде 108 ментор жұмыс істейді. Олар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, нашақорлық пен лудоманияның, буллинг пен кибербуллингтің, салауатты өмір салты, мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық сияқты 9 бағытта тәрибе жұмысын жүргізіп отыр.
Соның нәтижесінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық полиция департаментінің дерегіне сәйкес Панфилов ауданында жасөспірімдер қылмысы 4,4 есеге, Талдықорған қаласы аумағында 4,3 есеге дейін төмендеген.