Apple компаниясының Қазақстан тұрғындары үшін жаңа медициналық мүмкіндіктері

1760
Фотосурет: @digitalministry_kz

Қазақстанда Apple компаниясының медициналық сервистері қолжетімді болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұған дейін бұл технологиялар тек АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия елдерінде ғана қолжетімді болды.

  • Apple Watch арқылы ЭКГ жазу

Apple Watch Series 6 және одан кейінгі модельдердің иелері енді 30 секунд ішінде жүрек қызметінің ЭКГ жазып, жүрек ырғағының бұзылуы (жүрекшелердің фибрилляциясы) белгілерін анықтай алады.

  • Ұйқы кезіндегі апноэ туралы ескертулер

Apple Watch Series 9 және одан кейінгі модельдерде ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтап қалу эпизодтарын тіркеу функциясы пайда болды. Қолданушылар ұйқы кезіндегі тыныс алудағы мүмкін бұзушылықтар туралы хабарламалар ала алады.

  • AirPods Pro арқылы есту қабілетін тексеру

AirPods Pro 2 және одан кейінгі үлгілердің иелері бес минуттық есту қабілетіне арналған тесттен өте алады. Бұл тест есту қабілетінің бастапқы бұзылыстарын анықтауға көмектеседі. Нәтижелер iPhone немесе iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қосымшасында сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -