Қазақстанда бағаның өсуіне қарсы күресте аутсайдер-өңірлер аталды

1276
Фотосурет: Gov

4 сәуірде Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанованың төрағалығымен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында өңірлерде жәрмеңкелер ұйымдастыру, импорттық өнімдердің жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сауда заңнамасын бұзуғандарға қатысты бақылау шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Бұл шаралар ел ішіндегі нарықты қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі жағдайды баяндап, өңірлердің осы саладағы әлсіз жұмысын атап өтті. Биылғы жылдың басынан бастап баға өсімімен күресте Ұлытау, Ақмола, Жетісу, Ақтөбе және Абай облыстары кенже қалып келеді.

Кеңес нәтижесінде өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде өнімсіз делдалдарды анықтау және ерте піскен көкөністерді шартты түрде жеткізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілердің проблемаларын алдын ала анықтап, шешу маңыздылығы талқыланды.

Бұдан бөлек, әкімдіктерге базарларды модернизациялау мәселесіне ерекше көңіл бөлу, кәсіпкерлерге базарларды жаңғыртуға қатысты мәселелерде қолдау көрсету ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -