Терроризм үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру

3597
Фотосурет: depositphotos

Терроризмді насихаттау – қылмыс!

2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында «С» есімді азамат «WhatsApp» мессенджері арқылы танысы «Т» есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт – насихат жасаған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сот үкімімен «С» есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -