Салық кодексіне өзгерістер: Қандай тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады

4180
Фотосурет: Gov

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы салынбайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңа Салық кодексінің жобасында депутаттардың ұсынысы бойынша мынадай салық ставкалары сақталды:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосымша құн салығынан босатылады;
  • әлеуметтік салада, денсаулық сақтауда қосымша құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін Үкімет анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге 10% қосымша құн салығы салынады; 
  • әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға; 
  • арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі; 
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады;
  • өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады; 
  • Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынатын болады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -