Қазақстандық лоукостер FlyArystan Карағанды – Ыстамбұл – Карағанды бағыты бойынша әуебилеттерді сату үшін жеңілдіктер науқанын жариялайды. Науқан маусым айындағы рейстерді қамтиды. Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс 2025 жылдың 4 маусымында орындалады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жеңілдікпен билеттердің бағасы стандартты тариф бойынша Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытқа 55 000 теңгеден басталады, ал Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытқа 53 000 теңгеден басталады. Сонымен қатар, науқанның аясында жолаушылар жолжүк тарифтік топтамаларын 65%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады:
- 20 кг жолжүкті қамтитын «Комфорт» топтамасы – Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытта 65 000 теңгеден бастап және Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытта 63 000 теңгеден бастап.
- 32 кг жолжүкті қамтитын «Комфорт +» топтамасы – Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытта 69 000 теңгеден бастап және Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытта 67 000 теңгеден бастап.
«Комфорт» және «Комфорт +» тарифтік пакеттері қамтитын қызметтер жайлы толық ақпарат әуекомпанияның ресми сайтындағы «Тарифтік пакеттер» бөлімінде қолжетімді.
FlyArystan саяхаттарды алдын ала жоспарлап, әуебилеттер мен қосымша қызметтерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді.
Әуебилеттерді жеңілдікпен FlyArystan қосымшасынан, www.flyarystan.com сайтынан және басқа да ресми сату арналарынан сатып алуға болады. Науқан бойынша билеттердің саны шектеулі.
FlyArystan – аталмыш бағыттағы рейстерді жүзеге асыратын алғашқы әуе тасымалдаушысы.