Салық берешегіңіз бар ма? Жауабын дауыс көмекшісі береді

4829
Фотосурет: freepik.com

Мемлекеттік кірістер комитеті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп Бірыңғай байланыс-орталығында салық берешегінің бар/жоқтығын автоматты тексерудің тез бейімделетін сервисін іске қосты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол үшін жеке тұлғаға 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық роботқа қарыз туралы сұрақ қоюы жеткілікті.

Абонентті сәйкестендіру телефон нөмірі және абоненттің ЖСН нөмірі арқылы автоматтандырылған тәртіппен мобильді азаматтары базасында тіркелген нөміріне жіберілетін SMS -коды бойынша қамтамасыз етіледі.

Қарыз болған жағдайда дауыстық роботтың жауабымен қатар салық төлеушіге қарыз сомасы көрсетіле отырып смс жіберіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -