Таулардағы лавиналар: ТЖМ жорықтарға шықпауға кеңес береді

4059
Фотосурет: Gov

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2025 жылғы 10-11 сәуірде республиканың таулы аудандарында(2000-нан астам метр биіктікте)  жылымықтың әсерінен қар жамылғысының босап тұрақсыз болуына байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады, деп хабарлайды DKnews.kz.

  Төтенше жағдайлар министрлігі осы кезеңде  тауға және қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне барудан бас тартуға кеңес береді.

  Көктем-қар көшкіні аса қауіпті кезең. Наурыздан сәуірге дейінгі аралықта, әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қар көшкіні жиі түседі. Температураның өзгеруі, қалың қар мен боран қауіпті тек арттырады.

  Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы жоталарының беткейлері аса көшкін қауіпті аудандар болып табылады.

  Қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 87 262 текше метр болатын 39 көшкіннің өздігінен түсуі тіркелді.

  Халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінінің 103 профилактикалық түсуі жүргізілді, түскен қардың жалпы көлемі 180 157 текше метрді құрады.

  Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Қар көшкінінің астында қалмас үшін таудағы қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау маңызды — бұл өмірді сақтап қалуы мүмкін.

  Қайғылы жағдайды болдырмау үшін ауа райы болжамын мұқият қадағалаңыз; дайын емес беткейлер мен маршруттардан аулақ болыңыз; тек таңбаланған соқпақтармен жүріңіз; дауылды ескерту жариялаған кезде тауға шықпаңыз.

  Осы қарапайым ережелерді сақтау сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -