Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билетті Freedom Ticketon сайтынан алуға болады

4873
Фотосурет: Rob Latour/REX/Shutterstock

2025 жылғы 1 тамызда әлемдік поп‑жұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстан елордасындағы “Астана Арена” сахнасында өнер көрсетеді. Бұл туралы «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов хабарлады. Freedom Ticketon сайтында концертке білет сату басталды, бағасы 40 000 - 180 000 теңге.

Билеттер стандартты орындардан бастап эксклюзивті VIP‑ложаға дейін 18 санатқа бөлінген. Жалған ұсыныс пен сілтеме жіберуі мүмкін алаяқтарға алданбау үшін билетті Freedom Ticketon ресми сайты арқылы ғана сатып алуға болады.

«А қатарлы жұлдыздың концерті — біздің еліміз және бүкіл Орталық Азия үшін бұрын-соңды болмаған оқиға. Клиенттер билетті Қазақстанның және шетелдік банк карталарын пайдаланып сатып ала алады, бұл көрші елдер тұрғындарының да осы айтулы іс-шараға қатысуына мүмкіндік береді. Алаяқтар тарапынан алыпсатарлық жасалу ықтималдығын шектеу үшін бір клиенттің сатып алуына болатын билет саны шектелген – төрт билет ала алады. Билеттің сатып алынғаны сатып алушының байланыс деректеріне жіберілген ваучер арқылы расталады. Ваучер билеттің концертке бірнеше күн қалғанда алынатынына кепілдік береді. Көрермен қауымның бұл жаңалықты зор ықыласпен қабыл алғанына өте ризамыз және шоу күткеннен де асып түседі деген үміттеміз” Freedom Ticketon бас директоры Виктория Торгунакова

Дженнифер Лопес Астанадағы концерттен бір апта бұрын, 29 шілдеде Әбу-Дабиде өнер көрсетеді, ал гастрольдік сапарын 3 тамызда Ереванда аяқтайды. “Астана Концерт” сарапшыларының бағалауынша, осынау жұлдыздың концертін тамашалау үшін елімізге 15 мыңнан астам шетелдік турист ағылып келеді, бұл ел экономикасына 6,5 млрд теңге шамасында кіріс әкеледі.

“Халықаралық ауқымдағы ең танымал жұлдыздардың бірінің бұл шоуы Қазақстанда өтетін гастрольдік іс-шаралардың жаңа дәуірінің бастамасы болатынына сенімдіміз” Виктория Торгунакова

Билетті қалай сатып алуға болады

Дженнифер Лопес концертіне билеттерді Freedom Ticketon компаниясының ресми сайтынан ғана сатып алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -