Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне байланысты дүрлігу: билеттер бірнеше минуттың ішінде сатылып кетті

4950

Дженнифер Лопестің концерті қарсаңында дүрлігу байқалды: билеттерді сатып алғысы келгендер саны сатылымға шығарылған орындар санынан 2,5 есе көп болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы Freedom Ticketon компаниясы хабарлады. Билеттер сатылымы 11 сәуір күні сағат 11:00-де басталды. Алғашқы минуттардың өзінде 50 000-нан астам адам өздері мен достары үшін билет сатып алуға ниет білдірді, бұл "Астана Арена" стадионының жалпы сыйымдылығынан асып түсті.

Компания өкілдері сатылым басталмай тұрып-ақ интернетте билет сатуға қатысты алаяқтық хабарландырулар мен концерт жайлы жалған ақпарат тарағанын атап өтті. Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер тек ticketon.kz сайтында сатылады.

Сайтқа келушілердің көп болуына байланысты виртуалды кезек енгізілген, ол сайттағы бір мезгілде болатын пайдаланушылар санын шектейді. Бұл шара сайттың жұмысын тұрақты ұстап тұру үшін қабылданған. Қазіргі кезде орташа күту уақыты сайтта көрсетілген. Компания көрермендерден қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Бұл шара мүмкіндігінше көп адамды қысқа мерзім ішінде билетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар ағыны азайғаннан кейін сайт әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.

Freedom Ticketon сондай-ақ билеттердің күші жойылды деген кез келген ақпараттың жалған екенін хабарлайды. Билеттерге қатысты барлық ресми ақпарат тек ticketon.kz сайтында жарияланады.

 
 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -