Қостанайлық ұландық гір спорты бойынша халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

5995
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Татарстан Республикасының астанасы — Казань қаласында гір спортынан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарысқа Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Беларусь, Сербия және Қытайдан 100-ден астам спортшы қатысты. Турнир сегіз салмақ дәрежесінде өтті.

Жарысқа қатысушылардың бірі ефрейтор Арман Жүнісов — Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің спортшысы. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Мен үшін гір спорты бойынша жарыстарға қатысу тек спорттық сынақ қана емес, сонымен қатар өз күшімді, төзімділігімді және командада жұмыс істеу қабілетімді сынау мүмкіндігі деп ойлаймын. Біз әскери бөлімде әрқашан дене шынықтырудың жоғары деңгейін сақтауға тырысамыз және осындай спорттық іс-шаралар бізге дене шынықтыруды жақсартуға ғана емес, жолдастықты нығайтуға да көмектеседі Дейді Арман Жүнісов өз әсерімен бөлісіп

Айта кетейік, турнирдің барлық жеңімпаздары медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -