Қарағанды – Теміртау тас жолында қозғалыс шектеледі

4730
Фотосурет: QazAvtoJol

14 сәуірде Қарағанды – Астана тас жолында бір жолақ жабылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылғы 14 сәуірде республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналып өту) – Алматы» автомобиль жолының «Қарағанды – Теміртау» учаскесінің (Астана қаласы бағытында) 193–194 шақырым аралығында жол жамылғысындағы ақауларды жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Аталған учаскеде үш жолақты қозғалыс қарастырылған. Берілген рұқсатқа сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде көлік қозғалысы бір жолақ арқылы кері бағытпен (реверсивті әдіспен) ұйымдастырылады.

Жүргізушілердің назарына:

  • жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;
  • жолда аса мұқият болыңыз;
  • қауіпті маневрлерден және апатты жағдайлар туғызудан абай болыңыз.

Өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -