Облыс әкімі Асайын Байханов та Павлодардағы ауқымды тазалық және көгалдандыру іс-шараларына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Оның алдында өңір басшысы өткен жылдың күзінде облыс орталығындағы Астана-М.Исиналиев көшелерінің қиылысында отырғызылған жөке ағаштарының жай-күйін тексеріп, ағаштардың жерсіну деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Өткен көктемде Павлодарда барлығы 1080 түп ағаш отырғызылды. Жасыл белдеу аумағында 27 мыңға жуық көшет отырғызылды.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Одан кейін аймақ басшысы № 8 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге Едіге би көшесінің бойына ағаштар отырғызды. Мұнда қала әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығын көгалдандыру жобасын таныстырды.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Биыл жасыл белдеу аумағында 10 мыңға жуық көшет және Павлодар көшелерінде 360 жөке ағашы отырғызылады. Қазір қураған ағаштарды кесу, топырағын ауыстыру, тыңайтқыштар себу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, осы күзде жасыл желектерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 640 жөке ағашы отырғызылады.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Аймақ тұрғындары үйлерінің аулаларын, саябақтар мен гүлзарларды ретке келтірді. Көктемгі тазалық жұмыстары облыстың барлық 355 елді мекенінде өтті.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Асайын Байханов Олжабай батыр көшесі, 15 үйдің тұрғындарының сенбілігіне қосылды. Мұнда әкім жаңа балалар ойын алаңдарының сапасын тексерді. Павлодардағы 610 ауланың 517-інде заманауи балалар ойын алаңдары бар. Биылғы жылы тағы 50 заманауи ойын алаңдары орнатылып, қала аулаларының 95%-ы абаттандырылады.
Жұмыс сапары барысында өңір басшысы абаттандыру бойынша барлық жобаларды уақтылы және сапалы орындауды тапсырды.