Көшпенділер стилі: қазақ мәдениеті итальяндық дизайнерлерді шабыттандырады

4939
Фотосурет: t.me/qaztourism

Италияда қазақтың ою-өрнегі мен киіз үй элементтері бар «Yurt» киім топтамасы шығарылды. Брендтің негізін қалаушылар Қазақстанға келіп, танымал туристік орындарында фото және бейнетүсірілім өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Итальяндық «Milang» киім бренді қазақтың ұлттық элементтері бар алғашқы ерлер топтамасын шығарды. Брендтің негізін қалаушы – Еуропада ұзақ уақыттан бері тұратын қазақстандық. Ол бір жыл бойы сән үрдістерімен қатар туған жерінің терең мәдени тамырларын бейнелейтін тұжырымдама әзірледі. 

Қазақтың кең даласы, дәстүрлі ою-өрнектері және еркіндік пен жайлылықты сыйлайтын киіз үйдің атмосферасы итальяндық дизайнер үшін шабытқа айналған. Киім топтамасы өмір салты, саяхат және табиғатпен үйлесімді тепе-теңдік арасындағы сабақтастықты құруға бағытталған. 

«Бірінші топтама – менің түп-тамырыма деген құрмет. Yurt – бұл дизайн, текстура және табиғат палитрасы арқылы баяндалған Қазақстан тарихы. Ол ағаш және киіз үй бөлшектерінде қашалған ежелгі оюлардан шабыттанған дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің элементтерін қамтиды. Бұйымдардағы кесте мен сәндік тігістер көшпелі нышандардың сызықтарын қайталайды, ал маталардың құрылымы дала халықтарының дәстүрлі киімінде қолданылатын табиғи материалдарға ұқсайды. Әрбір деталь мұрамен терең байланысты көрсетеді, қазіргі стиль мен ғасырлардан келе жатқан дәстүрлер арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады. Біз Гузаль Норматовамен бірге киіз үйде тәрізді табиғи материалдардан бұйымдар жасадық. Оның ішінде кашемирден, жібектен, мақтадан және табиғи мүйізден жасалған аксессуарлар бар. Бұл киімдерге ерекше сапа береді және олардың табиғатпен терең байланысын көрсетеді» «Milang» брендінің негізін қалаушы Виталий Ланг

Kazakh Tourism және Creative Innovation Institute итальяндық сән өкілдеріне Қазақстанның туристік орындарында түсірілім өткізуге қолдау көрсетті. Оның ішінде «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Шарын» ұлттық паркі бар. 

«Біз Қазақстанның табиғи және мәдени байлығын халықаралық индустриялар арқылы ілгерілететін жобаларды қолдауға әрқашан қуаныштымыз. «Yurt» топтамасы біздің табиғатымыз бен дәстүрлеріміз әлемдік сәнге шабыт беретінін көрсетеді»  Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -