Қазақстанда 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар: мөлшері мен шарттары

2662
Фотосурет: freepik.com

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 150 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 851,4 мың отбасы жалпы сомасы 150,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 609,5 мың отбасы 131,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,9 мың адам 19,4 млрд теңгеге қамтылды.

2025 жылдың наурыз айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 857 мың отбасы жалпы сомасы 51,1 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 614,8 мың отбасы 44,6 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242,2 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • «Күміс алқамен» наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -