Ата-аналар ұлдарының қызмет ету жағдайларымен танысты

3091
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

«Армия ана көзімен» айлығы аясында «Аналардың жүрегі "сарбаздар аналары комитеті"» РҚБ өкілі Шарифа Муминова қатардағы жауынгерлер Ғабит, Болат және Анварбековтің ата-аналарымен бірге Шымкент қаласында орналасқан ҚР ҚК ӘҚК 10216 әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сапар барысында Шарифа Ахметжанқызы бөлімге шақырылған сарбаздардың жеке құрамымен кездесу өткізіліп, сарбаздармен ашық сұхбат жүргізіп, әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайларын, тұрмыс-тіршілігін, моральдық ахуалын сұрастырды.

– Біздің басты міндетіміз – сіздерге қолдау көрсету, туындаған мәселелерді шешуге көмектесу және әскери қызмет уақытын қауіпсіз ету. Біз әр сарбазды өз баламыздай уайымдаймыз. Өйткені, бәріміз де анамыз, әрине, балаларымыздың әскери борышын қалай, қандай жағдайда атқарып жатқаны бізді алаңдатады. Әрбір ана баласына сабырлы болу үшін біз әскери бөлімдермен барынша тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз, - деді ол.

Сапар барысында сарбаздардың ата-аналары мен «Аналар жүрегі» комитетінің өкілі әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен жеке танысты. Олар сарбаздардың асханасын аралады, азық-түлік өнімдерін сақтау тәртібі мен жарамдылық мерзімін көрді, сонымен қатар медициналық пункттерді аралады, қызметкерлермен әңгімелесіп, медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбаларды қарап шықты.

Бөлім басшылығының қолдауымен келген қонақтар казарма мен теориялық және практикалық сабақтар өткізуге арналған кабинеттерді де аралап көрді. Ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілі әскери қызметкерлердің қызмет етуіне және демалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін тәртіп, тазалық пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Мұндай кездесулер жас әскери қызметкерлердің өмірінде маңызды рөл атқарады, олардың Отан үшін қызмет етуге ынтасын арттырады. Қоғам өкілдерінің келулері сарбаздар арасында қолдау мен қамқорлық сезімін нығайтуға көмектеседі.

Сапар қорытындысы бойынша Шарифа Ахметжанқызы мен сарбаздардың ата-аналары әскери қызметкерлерге жасалып жатқан жағдайға риза екендіктерін білдірді. Ең бастысы, ата-аналар балаларына қызмет көрсету қауіпсіздігін жеке тексере алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -