Бейнеуде терроризмге қарсы ауқымды әскери жаттығулар өтті

3278
Фотосурет: Gov

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған 300-ден аса әскери қызметші және 20-дан астам техника тартылды.   

Іс-шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау полкі базасында өтті.

 Бірінші кезеңде жеке құрам дабылмен көтерілді. Әскери қызметшілер қару-жарақ алып, техника рота лектері құрылатын ауданға жіберілді. Содан кейін батальондық тактикалық топ 50 шақырымдық марш жүріп, оқу-жауынгерлік тапсырманың барлық элементтерін пысықтады.

Соңғы кезеңде маневрлер аймағында барлау бөлімшелері заңсыз қаруланған құрама иеленген ғимараттарды басып алу операциясын сәтті өткізді.

Операцияға 20-ға жуық қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде танктер, сауытты транспортерлер, артиллериялық зеңбіректер, реактивті дүркіндетіп ату жүйелері және зениттік қондырғылар жұмылдырылды.

– Бөлімшелер алғаш рет барлау-атыс және соққы беру кешендерінің, соның ішінде батареяға қарсы кешендердің құрамында тактикалық іс-қимылдың жаңа тәсілдерін пысықтады. Ұшқышсыз басқару құрылғыларымен күресу үшін мобильді тактикалық топтар тартылды. Дағдарыс жағдайында бөлімше командирлерінің өз бетінше шешім қабылдауына ерекше назар аударылды, – деп атап өтті барлау полкінің командирі подполковник Мұрат Әшірбаев.         

Оқу-жаттығу командирлердің басшылық дағдыларын дамытуға, батальонды жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру кезінде штаб пен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -