Әскери оркестр Жеңістің 80 жылдығына орай концерт өткізді

2926
Фотосурет: Ұлттық ұлан

"Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің оркестрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараның мақсаты — соғыс жылдарындағы батырларды дәріптеу, отандастарымызды патриоттық рухпен шабыттандыру және Жеңіс күніне құрмет көрсету.

Концерт кезінде әскери оркестр Ұлы Отан соғысының әйгілі әндерін орындады.

Ұлттық ұланда 29 қаңтардан бастап "Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы жүріп жатыр. Мұндай іс-шаралар — жай ғана концерт емес, бұл жеңімпаз бабаларымыздың ерлігі. Біз жастарға Жеңістің қандай бағамен келгенін жеткізуге міндеттіміз,-дейді 6505 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подколковник Мақсат Мұқаев.

Шын жүректен шыққан шығармалар көрермендерге ата-бабаларымыздың қаһармандық жолын сезіндірді. Қала тұрғындары мен қонақтары қойылымды жылы қарсы алып, әрбір өнерпазға қошемет көрсетті. Оркестрдің кәсіби шеберлігі мен орындау мәнерлілігі көпшілікке қатты әсер етіп, Ұлы Жеңіске деген мақтаныш сезімін оятты.

Бір сөзбен айтқанда, концерт жастарға патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды деуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -