Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев су тасқыны кезеңінде еліміздің авто және теміржолдарындағы жағдай тұрақты екенін баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алдына ала қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны салдарынан бұзылуына жол берген жоқ. Республикалық маңызы бар жолдардағы барлық су тасқыны тәуекелдері зерделеніп, алдын ала тиісті жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 2024 жылы су тасқыны қаупі бар учаскелерде күрделі және орташа жөндеу шеңберінде 227 су өткізу құбыры салынды. Биыл қосымша 302 құбырының құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда.
UKIMET
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен–Рахман қайнары» тас жолы бойындағы төрт көпірде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 2025 жылы тағы екі көпірде Ақмола облдысында – «Жақсы–Есіл–Бұзылық» тас жолында және Қостанай облысында – «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» жолында күрделі жөндеу аяқталады.
«Ағымдағы су тасқыны кезеңінде жол қызметтері жедел алдын алу шараларын қабылдады: алдын ала қар мен мұздан тазартылған 8 мың су өткізу құбырлары арқылы еріген қар суын кедергісіз өткізу қамтамасыз етілді; су басу қаупі бар учаскелерде дайындалған инертті материалдарды пайдалана отырып, жол жиегінде үйінділер орнатылды және құм салынған қаптар төселді; қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін жол жиектерінде ескерту белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді» Марат Қарабаев
Жалпы, Марат Қарабаев қабылданған шаралардың нәтижесінде су тасқыны кезеңі қалыпты режимде өтіп жатқанын атап өтті, еріген қар суының жолды басуының 17 жағдайы ғана тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 есе аз. 2024 жылғы сәйкес кезеңде су басуының 137 фактісі, ал барлық су тасқыны кезеңінде – 178 факт тіркелді. Сонымен қатар республикалық жолдарда жол төсемі мен жасанды құрылыстардың бұзылуына жол берілген жоқ.
«Қазіргі уақытта Петропавл қаласы айналма жолының учаскесін су басуда, онда баламалы жолды қамтамасыз етіп, көліктердің қозғалысына шектеу қойылды» Марат Қарабаев
Барлық қауіпті учаскелер мен құрылыстарды тәулік бойы бақылау жалғасуда. 1 мыңға жуық мамандандырылған техника бекітілген. Су тасқыны жағдайын бағалау үшін Министрліктің Ахуалдық орталығы мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторының 1403 диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ теміржол саласы бойынша су тасқыны кезеңінде жолдың және жасанды құрылыстардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Министрдің айтуынша, ТЖМ аумақтық органдарымен бірлесіп теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймасы мен бөгеттің жағдайы тексерілген. Мұзды ұсақтау мен қар көшкінін түсіру бойынша 6 теміржол учаскесінде бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді.
«Қазіргі уақытта еріген суларды жасанды құрылыстар арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупі бар 673 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған» Марат Қарабаев
Сонымен қатар еріген қар суының жиналуы Ақмола және Қостанай облыстарында байқалады.
«Теміржолдарды су басу қаупі мен пойыздардың қозғалысында қиындықтар жоқ. Пойыздардың қозғалысын қысқамерзімге тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылданды, Арқалық стансасының су тасқынына қарсы пойызы іске қосылды. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылдануда», — деп түйіндеді Марат Қарабаев.