Жаңа әдістермен білім беру: елорда балабақшаларында STEM-технологиялары енгізілуде

1485
Фотосурет: Gov

Елорданың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында STEM технологиясын енгізуге бағытталған семинар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиынға қалалық Білім басқармасы мен Atameken кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Kidz n totz» жекеменшік балабақшасында өткен семинар ата-аналар мен педагогтерге STEM технологиясының маңызын түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар басқа да білім беру ұйымдарын жаңа тәжірибе енгізуге шақырды.

«Жарты жыл уақыт бойы балабақша педагогтері STEM технологиясын білім беру жүйесіне енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарды. Балаларымыздың білім сапасын арттыруға бағытталған озық тәжірибе мен идеялармен бөлісу – біздің басты мақсатымыз», – деді өз сөзінде балабақшалар желісінің құрылтайшысы Дәурен Жаксыгелдинов.

Іс-шара барысында өзге балабақша өкілдеріне тың жобаның тиімділігі мен нәтижелері туралы жан-жақты айтылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -