FlyArystan мобильді қосымшасы пайдаланушылар үшін одан әрі ыңғайлы болды

1397
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan мобильді қосымшасын үздіксіз жетілдіруді жалғастыруда. Жаңартылған нұсқада пайдаланушының жеке кабинеті мен «Менің сапарларым» бөліміне аса назар аударылды. Бұл жаңартулар әуекомпания қызметтерінің қолданысын жеңілдетіп, қолданушы тәжірибесін жақсартады және билет брондауға кететін уақытты едәуір қысқартады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«FlyArystan әрбір жолаушының сапарын барынша жеңіл әрі жайлы ету мақсатында біртіндеп инновациялық шешімдерді қабылдауда. Біз қызмет көрсету сапасын жақсартып, жолаушылар үшін ыңғайлылықты арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді үнемі іздестіріп келеміз. Бүгінде біздің мобильді қосымша мыңдаған жолаушылар үшін таптырмас құралға айналды. Мұндай жаңалықтар жолаушыларымыздың уақытын үнемдеумен қатар, олардың сапарларын жағымды әрі ыңғайлы етеді деп сенеміз. Болашақта да жолаушыларымыздың үміті мен қажеттіліктерін алдын ала болжап, қызметімізді жетілдіруді жалғастырамыз» «FlyArystan» АҚ президенті Ричард Леджер

Қосымша Google және Apple қызметтерімен интеграцияның арқасында одан да ыңғайлы бола түсті. Енді пайдаланушылар қосымшаға аталмыш қызметтердегі аккаунттарының көмегімен тіркеле алады. Бұл тіркелу мен жүйеге кіру процесін жеңіл әрі жедел етеді. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін қолданушы жүйеге тіркеліп, әрдайым авторизациядан өтуі қажет.

Жаңартылған нұсқада жолаушы өзінің төлқұжат пен жеке куәлік деректерін тікелей жеке кабинетіне енгізе алатын болды. Бұл брондау процесін едәуір жеделдетіп, жолаушыға қосымшаға әр кез кірген сайын құжат деректерін қайта енгізін қажет етпейді. Осылайша жолаушының уақытын үнемделіп, қателік жіберу ықтималдығы төмендейді.

Сонымен қатар, енді қайтарылған билеттер үшін берілетін ваучерлер жеке кабинетте автоматты түрде сақталады. Бұл – болашақта билет сатып алуға қолдануға болатын электронды құжат түріндегі қайтарылған сома.

«Менің сапарларым» бөлімі де жаңартылып, бұрынғыдан да функционалды бола түсті. Енді жолаушылар өз рейстерін көрумен қатар, брондауларын басқара алады және өз деректерін қайта енгізбей-ақ бірнеше қадамда рейске тіркеле алады.

Қосымшаның дизайны заманауи әрі интуитивті сипатқа ие болды. Жаңа интерфейс, жақсартылған навигация мен оңтайландырылған бөлімдер қолданбаны пайдалануды одан әрі ыңғайлы әрі жағымды етеді.

Жаңартылған қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -