Заң дегеніміз – ноқта.
Шерхан Мұртаза
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Азаматтық қауымдастықтың әскери ортадағы басты рөлі ретінде, қоғамнан оқшаламай түзеуге болатын тұлғаларды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеуді атап өтуге болады.
Ал, әскери тәртіп әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылатыны айқын. Бұл әскерилердің өз Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін сезінуге алып келеді.
Осы тақырыпты аша отырып, қоғамдық бірлестіктер, жоғары, орта білім беру және басқа да азаматтық мекемелер мен ұйымдардың мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет деп есептеймін.
Яғни, әскери ортадағы құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмыста ғылыми-тәжірибелік негіздеме, сондай-ақ азаматтық қоғамның қатысуымен әскери контингент арасында түрлі іс-шараларды жүргізу қажет.
Бұл бағытта Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасымен нақты жұмыстар жүргізіліп отыр.
Ғылыми әлеуетті, материалдық-техникалық және педагогикалық ресурстарлы ескере отырып, еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен өзара іс-қимыл орнатылды.
Осы мақсатта, 2025 жылдың 12 ақпанында Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы және Жетісу университеті арасында өзара байланысты нығайту және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылған.
Тараптар бірлескен ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері жоспарланды.
Мысалы, аталған меморандум аясында гарнизонның әскери прокуратурасымен Жетісу Университетінің әскери кафедрасы студенттері (06.03.2025 жылы) және құқықтану факультетінің деканы және студенттері (14.03.2025 жыл) үшін ашық есік күндері өткізілді.
Сондай-ақ, Жетісу университетінің құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Қарулы Күштер мен әскери қызмет жайлы түсіндіру, Отанды қорғау мен патриоттық сезімін арттыру, әскердегі құқықтық тәртіпті нығайту мен күшейту шараларын жүзеге асыру жоспарлауда.
Бұл өз кезегінде, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және жас патриоттарды тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді.
Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Е. Қожа-Ахмет