Биыл халықаралық Digital Bridge 2025 IT-форумы 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында Астанада өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Форумның тақырыбы «Generative Nation» - бұл Қазақстанның озық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген білім қоғамын құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.
Digital Bridge 2025: Generative Nation – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес, бұл – Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы жаңа болашағын құру жолында технология көшбасшыларын, кәсіпкерлерді және мемлекеттік институттарды біріктіретін өзгерістер катализаторы.
Форум алаңы әлемдік IT-сарапшыларды, технологиялық алпауыттардың өкілдерін, табысты өнімдер мен стартаптардың авторлары мен негізін қалаушыларын, сондай-ақ осы саланың инвесторлары мен жаһандық көшбасшыларын жинайды.
Форум аясында 2 қазан күні халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында AI жобаларының тұсаукесері өтеді. Ең үздік жобалар өз жұмыстарын Мемлекет Басшысының және жасанды интеллект саласындағы беделді тұлға – IT-кәсіпкер, информатика ғалымы, инвестор және жазушы Кай-Фу Лиге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
AI Movement шарасының алдын ала іріктелген қатысушылары өз идеялары мен инновациялық әзірлемелерін ұсына алады. Бұл сессия тек технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар ұлттық және жаһандық деңгейде шешімдерді кеңейтуге қолдау алуға мүмкіндік болады.
Alem.ai жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ынтымақтастық үшін басты платформаға айналады. Орталық қазақстандық AI шешімдерінің экспортын арттырып, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды, Астананы Орталық Азиядағы зияткерлік орталыққа айналдырады.
Digital Bridge форумы – бұл IT саласындағы ең ірі оқиғаға айналды. Оны Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің IT-қоғамдастығы асыға күтеді. 6 жыл ішінде Форумды 100 елден 67 мыңнан астам адам тамашалады, оның алаңында 550 қатысушы мен 1000-нан астам спикер сөз сөйледі.
Форум жыл өткен сайын қаражатсыз коммерциялық тұрақтылыққа ие болуда. Биылдан бастап форумға қатысуға ниеттілер үшін билет сатылымы іске қосылады. Форум билеттері мына сайтта қолжетімді: https://digitalbridge.kz/ru/
Форумның ұйымдастырушылары: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.
Іс-шара «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.