Air Astana қазақстандық дәрігерлердің Expo 2025 көрмесіне қатысуын қолдады

4499
Фотосурет: @PR_AirAstana

Air Astana әуекомпаниясы UMC Жүрек орталығының дәрігер-зерттеушілер тобына 2025 жылғы 13 сәуірде Осака қаласында ашылған Дүниежүзілік Expo 2025 көрмесіне қатысуы үшін әуе билеттермен қамтамасыз етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Халықаралық көрмеде Қазақстанды Heart Center Foundation қорының қолдауымен әзірленген, донорлық ағзаларды сақтау бойынша бірегей құрылғы – ALEM таныстырады. Құрылғы Connecting Lives тақырыптық аймағында көрсетілуде.

Air Astana қазақстандық ғылым жетістіктерін мақтан тұтады және отандық медициналық технологияларды халықаралық деңгейде ілгерілетуге қолдау көрсетуге қуанышты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -