Банк секторы стресс-тесттен сәтті өтті

3388
Фотосурет: freepik.com

Агенттік алғаш рет SREP бағалауының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторында тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады. 2024 жылы SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) кешенді бағалауды, активтердің сапасын тұрақты бағалауды (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуді (ҚСТ) қамтыды.

Корпоративтік басқару сапасын, сондай-ақ банктердегі тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша бизнес-процестерді арттыруға бағытталған SREP бағалауы жаңартылған әдіснама бойынша жүзеге асырылды. Ол банк қызметінің процестерді тереңірек талдауды қамтамасыз етті, сонымен қатар тәуекелдерді дұрыс идентификаттауға, бағалауға және басқаруға мүмкіндік берді.

2024 жылы SREP бағалауы 21 банкті қамтыды. Агенттік төрт негізгі бағыт бойынша банктердің тәуекел-бейініне жан-жақты талдау жүргізді: бизнес-модельді бағалау, капитал тәуекелдері, өтімділік және корпоративтік басқару жүйесі.

SREP нәтижелері бойынша банк жүйесі өзгермелі экономикалық ортада тиімді жұмыс істеу қабілетін растай отырып, орнықтылық пен реттеуші талаптарға сәйкестікті көрсетеді.

Сонымен қатар, жетілдіруге әлеуеті бар салалар атап өтілді, бұл банктерге әлеуетті сын-қатерлерге неғұрлым тиімді қарсы тұруға және ұзақ мерзімді перспективада өз ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Агенттік SREP қадағалап бағалауының нәтижелері туралы есепті алғаш рет жариялады. Бұл құжатта қадағалап бағалаудың негізгі нәтижелері ғана емес, сонымен қатар бүкіл процес және қолданылатын әдіснама егжей-тегжейлі сипатталады, бұл Қазақстан банк секторының орнықтылығын түсіну үшін оны маңызын арттыра түседі. Есеп сонымен қатар кәсіби қоғамдастықтың банк секторының орнықтылық деңгейін тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.

Есепті жариялау қадағалау процесінің ашықтығын арттыруға және кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимыл бөлігінде Агенттіктің коммуникациялық саясатын күшейтуге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -