Қазақстан Президенті Маңғыстау облысы полициясының жетістіктерін жоғары бағалады

3234
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті.

Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

"Әділетті Қазақстанды құру және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін" Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -