Ұландық Милад Карими Дохадағы Әлем кубогы кезеңінің "алтынын" жеңіп алды

3069
Фотосурет: olympic.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими Катар астанасы — Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Рой еден жаттығуларының финалында Карими төрешілерден 14,466 ұпай жинап, керемет қойылым көрсетті. Бұл оған отандасы Алтынхан Темірбектен (13,633) және Ұлыбритания өкілі Сэм Мостофиден (13,600) озып, бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді. Қарсыластары сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Али Милад Карими Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында спорттың дамуына елеулі үлес қоса отырып, дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушы міндеттерін орындайды.

Сондай-ақ, Әлем Кубогының кезеңі аясында қазақстандық Нариман Құрбанов 14,566 балмен жақсы нәтиже көрсетіп, ат үстіндегі жаттығулар финалында қола жүлдеге ие болды.

19 сәуір күні Карими зілтемірдегі жаттығулар финалында өнер көрсетеді, ол бұл санатта да жүлделі орынға үміткер қатарында.

Ефрейтор Милад Каримиді жарқын жеңісімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа табыстар тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -