Әскери дрон турнирі: күш құрылымдарын дайындаудың жаңа форматы

2717
Фотосурет: Gov

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде “Майлан” далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.

Турнирдің серіктесі - “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.

Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -