Прокуратура балабақша қызметкерлеріне 1,9 млн теңге төленуін қамтамасыз етті

5269
Фотосурет: Gov

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Талдау барысында балабақшаның 47 қызметкерлеріне 1,9 млн теңге сомасында жалақы төлеуді кешіктіру фактісі анықталды.

Қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні аталған тұлғалар алдындағы берешек толық көлемде өтелді, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы және жалақыны уақтылы төлеу прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -