3 жыл алимент төлемеген: борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1419
Фотосурет: freepik

Қосшы қаласының прокуратурасын үйлестіру кезінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтару бойынша  қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Атап айтқанда, борышкер 3 жылдан астам алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндеттерін орындау үшін шаралар қабылдамай, әрекетсіз болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкер жартылай алимент бойынша 1 172 249 теңге сомасында төлем жүргізіп, өндіріп алушы мен борышкер арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -