Ұлттық ұлан сарбаздары аниме трендті қолдады

1430
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жаһандық мәдени трендтерден қалыс қалмай, креатив пен әскери қызметті үйлестіруде тың қадам жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері анимациялық өнерден шабыт алып, Studio Ghibli стилінде дайындалған ерекше мемдер сериясын ұсынды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бастамасын жалғастырған сарбаздар жоба аясында әскери қызметтің күнделікті сәттерін, жауынгерлік кезекшілік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысындағы фотосуреттер танымал жапон студиясының анимациялық стиліне сай өңделіп, әскери өмір мен визуалды эстетиканы сәтті тоғыстырды.

Нәтижесінде жауынгерлік қызмет барысы мультфильмдік бейнелеу мәнері үйлесім тауып, аудиторияның ықыласына бөленді.

Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан сарбаздардың айтуынша, мұндай формат жастармен байланыс орнатудың тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылып отыр. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -