Қылмыстық бизнес: сот есірткі саудагерлерін соттады

1375
Фотосурет: Zakon.kz

Биыл сәуірде есірткі өткізуді деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Атап айтқанда, ҰҚК қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен оның екі сыбайласын ұстады.

Тінту кезінде 4 кг «мефедрон», 14 г кокаин, 500 г ауған гашиші, 15 г кетамин және 200 марка «LSD» тәркіленген.

Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын анықтады.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -