Интернет жоқ, бірақ чекпен: БКМ офлайн режимде қалай жұмыс істейді

1111
Фотосурет: Patrick Daxenbichler/CP

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында (БКМ) техникалық ақауы болған, электр энергиясы немесе телекоммуникация желісіне қосылу болмаған жағдайда БКМ автономды жұмыс режимінде жұмыс істейтінін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кассалық аппараттың автономды режимге өтуі туралы кассирге хабарлама арқылы хабарланады.

Автономды режимде болған кезде БКМ автономды фискалдық белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чектерді бақылау-касса машинасы өз жадысында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ жинақтауышында сақталған деректер негізінде Z-есебін жасайды.

Автономды режимде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ БКМ 72 сағат жұмыс істей алады.

БКМ автономды режимге көшкен соң жауапты тұлға БКМ пайдалану кезінде «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чектерін беруі қажет. Тауар чектерінің кітабын мемлекеттік кірістер органдарында тіркемей толтыруға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -