Оралдық ұландықтар – үздіктер қатарында

1496
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

2025 жылғы 15-19 сәуір аралығында Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің базасында өткен ҚР Ұлттық ұланының XXIII спартакиадасы аясындағы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының чемпионатында Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімнің жауынгерлері үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери үшсайыс, жеңіл атлетикалық кросс және жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша өткен байрақты бәсекеде барлығы 6 команда құрамында 50-ге жуық спортшы бақ сынады.

Қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан оралдық ұландықтар жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленіп, өздерінің кәсіби даярлығы мен мықты ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мұндай жарыстар әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдап қана қоймай, жауынгерлік рухты көтеріп, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті арттыра түсетіні сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -