Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Руанданың Түркиядағы және Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Чарльз Кайонгпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың сондай-ақ, бітімгерлік қызметтің ықтимал бағыттарын талқылады.
Сапар аясында шетелдік мейман өзге де министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды.