Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер арасында кіші-футболдан турнир өтті

1034
Фотосурет: Ақтау гарнизоны

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскері бригадасының спорт залында Қазақстан Республикасы Әскери полициясының құрылғанына 28 жыл толуына орай тартысты кіші-футбол турнирі өтті. Іс-шараға Ақтау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінен 16 команда мен 100-ден астам әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнирдің шымылдығы салтанатты сап түзеумен, Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полициясының бастығы Сәкен Әулбековтың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде ол мұндай іс-шаралардың жауынгерлік бауырластықты нығайту мен әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

«Байқау жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Бұл турнирдің басты мақсаты – әскери бөлімдер мен құрылымдар арасындағы ұжымдық бірлікті арттыру. Ең бастысы – әскери қызметшілердің салауатты өмір салтын ұстануы. Ең мықтысы жеңсін!», - деді Сәкен Әулбеков.

Командалар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігер мен нағыз спорттық төзімділік көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:

  • 1-орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінің командасы иеленіп, үздік үйлесімділік пен тактикалық шеберліктерін көрсетті.
  • 2-орын турнир иелері — теңіз жаяу әскері бригадасының командасына бұйырды.
  • 3-орынды Қарақия шекара қызметі бөлімшесінің командасы жеңіп алып, жауынгерлік мінез бен табандылық танытты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде алғыс хатпен, медальдармен, естелік сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -