Жоғары мөлшерлемелі икемді салымдар: Қазақстан банктері не ұсынады

1375
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтар көбінесе қаражатты еркін толтыру және ішінара (төмендетілмейтін қалдыққа дейін) шешіп алу мүмкіндігі бар икемді салымдарды ашады.

Біз осындай депозиттердің шарттарын қарастырып, олардың арасынан ең тиімдісін таңдаймыз. Бірден айта кетейік, тек нақты белгіленген мөлшерлемелер ескерілді, себебі реттеуші базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаса, салымды банкте сақтау кезеңінде құбылмалы мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін. Кейбір банктер нақты мөлшерлеменің орнына белгілі бір аралықты көрсетеді, біз белгілі себептермен мұндай нұсқаларды да назардан тыс қалдырдық.

Бүгінде Қазақстанда толықтыруға, шешіп алуға болатын және белгіленген мөлшерлемелері бар икемді салымдарды 15 банк ұсынады. Біз әдетте бір жылға ашылатын (банктер 12 немесе 13 айды көрсетеді) өнімдерді салыстырдық.

Бұл сегментте ең жоғары СЖТМ-ны Еуразиялық Банк Turbo Deposit өнімі бойынша ұсынады, салымды 1 мың теңгеден (ең төменгі шек) бастап ашуға болады: 15,7%.

Келесі орынға Freedom Bank («Копилка» өнімі) жайғасты: СЖТМ 15,6%-ды құрайды. Тағы екі банк (KZI Bank пен Bank ЦентрКредит) 15,5%-ға дейін СЖТМ ұсынады — біреуі 15,4%-ға дейін, екіншісі 15,2%-ға дейін және бірден үш ЕДБ 15%-ға дейін СЖТМ ұсынып отыр.

Мәлімет үшін: сегменттегі орташа жылдық тиімді мөлшерлеме 14,4%-ды құрады. Толығырақ өнім картасынан және қазақстандық банктердің ресми сайттарынан көруге болады. Тағы бір ескерту: кейбір банктерде (Altyn Bank, Банк ЦентрКредит) картада көрсетілген мөлшерлемелер салымды онлайн ашқан кезде ғана қолжетімді болады, ал салымды бөлімшеде ашқан жағдайда, мөлшерлемелер төмен болады.

Демек, қазіргі уақытта икемді депозиттер бойынша үздік мөлшерлемелерді Еуразиялық Банк ұсынып отыр.

Салымды минималды 500 теңгеден бастап 15 мың теңгеге дейін ашуға болады, көбіне 1 мың теңгеден жоғары сомаға ашылады: дәл осы шекті соманы бірден 8 ЕДБ белгіледі.

Айта кетерлігі, көктемге қарай ҚР ЕДБ-дағы бөлшек салымдар портфелі рекордтық 24,1 трлн теңгеге жетті, бір айда 12,6 млрд теңгеге, ал жылдық динамикада бірден 3,9 трлн теңгеге ұлғайды. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі депозиттердің жиынтық портфеліндегі жеке тұлғалар салымдарының үлесі 58%-дан асты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -