Ауқымды жаңғырту: Түркістан облысында 100-ден астам канал жөндеуден өтеді

1078
Фотосурет: Gov

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысы онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғындары Д. Алтынбеков атындағы каналды бетондау жұмыстары мен жергілікті «Қазсушар» өндірістік учаскесіне қосымша техника бөлу мәселесін көтерді. Нұржан Нұржігітов күзде Ислам даму банкінің қолдауымен арнаны және өңірдегі басқа да су шаруашылығы объектілерін қайта жаңарту басталатынын айтты.

«Түркістан облысында жалпы саны 100-ден астам арнаны жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар «Қазсушар» кәсіпорнын жаңа техникамен жарақтандыру мәселесі де шешіліп жатыр. Жалпы алғанда 757 техника сатып алынады, қазірдің өзінде оның 300-ден астамы алынды. «Қазсушардың» Түркістан облыстық филиалы 135 техника алады»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алматы облысы Үңгіртас ауылдық округінің диқандары жергілікті су қоймаларынан ауыл шаруашылығы алқаптарына су жеткізетін ирригациялық арналарды тазалау және жөндеу мәселесі бойынша жүгінді. Нұржан Нұржігітов ведомство Алматы облысы Су ресурстары және ирригация басқармасының «Алматыоблсушар»кәсіпорнымен бірлесіп осы мәселені шешу жолдарын қарастыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғындары сыйымдылығы 1,2 млн текше метр болатын «Үлкен Ақсу» су қоймасын күрделі жөндеуге қатысты өтініш білдірді. Министр Ислам даму банкінің көмегімен ауданның су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындады. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы басталады деп күтіліп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -