Мемлекеттік тұрғын үйді мақсатсыз пайдалану: прокуратура заңбұзушылықтарды анықтады

1639
Фотосурет: © Sputnik / Максим Маслов

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

Жұмыс жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -