Air Astana ұшақ фюзеляжындағы жарықшақ туралы жариялымға түсінктеме береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Құрылманың сындарлы емес жерінде, атап айтқанда жүк бөлігінің қаптамасының жеңіл панелі бекітілген жерінде ұзындығы 25 мм шамалы сызат табылған. Бұл ұсақ ақау ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және ұшақты пайдалану барысында пайда болуы мүмкін.
Air Astana ұшу жарамдылығын сақтауды және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, техникалық байқаудың белгіленген бағдарламасын қатаң сақтайды және барлық қажетті жөндеу жұмыстарын ұшақ өндірушісінің нұсқаулықтарына толық сәйкес орындайды.
Қазіргі уақытта ақау жойылып, ұшақ қолданысқа қайтарылды.
Біз заңды жауапкершілікке тартпас үшін жалған ақпаратты жарияламауға кеңес береміз.