Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб құрылымдық бөлімшелерінің, Құрлық әскерлері мен әскери оқу орындарының қолбасшылығы мен жеке құрамы елорданы абаттандыруға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сенбіліктер Ақмешіт көшесінде, Қорғаныс министрлігінің 1-штабының аумағында, Ақмола өңірлік гарнизоны әкімшілік ғимараттары мен әскери бөлімдерінің бекітілген учаскелерінде өтті. Әскери қызметшілер тұрғындармен бірлесіп, Ильинка кентінің тұрғын алабын тәртіпке келтірді.
Жеке құрамның күшімен аумақтарды тазарту, қоқыстарды жинап шығару, сондай-ақ мекемелерге іргелес аймақтарды абаттандыру жүргізілді.
Іс-шаралар әскери ұйымшылдықпен және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етумен өтті.