«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, 2025 жылғы 24–25 сәуір күндері Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясында және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерінің профессор-оқытушылар құрамымен, тыңдаушылармен және студенттермен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында Конституциялық Соттың судьясы Ударцев Сергей пен Бас прокуратура Департаментінің бастығы Маутова Альбина конституциялық реформалардың нәтижелері мен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдік қағидатының маңызы туралы кеңінен баяндады.
А.Т. Маутова өз сөзінде азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мемлекеттік орталық органдар өкілдерінің өңірлерде осындай көшпелі кездесулері жалғасуда.