Абай облысының прокуратурасы жылыту тарифтерінің төмендеуін қамтамасыз етті

2200
Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс болатын, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Алайда табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеді.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде, жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді.

Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті.

Осылайша, алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейтін болды.

Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

Азаматтардың табиғи монополиялар саласындағы құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -