«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын Маңғыстауда жүзеге асыру

2189
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымымен, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылу барысымен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Министр алдымен өткен жылы пайдалануға берілген 1300 орындық №33 жайлы мектепті аралады. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бүгінде Маңғыстау өңірінде 3 жаңа мектеп ашылса, жыл соңына дейін тағы 10 мектептің есігі айқара ашылады деп күтілуде.



Сондай-ақ, сапар барысында Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып жатқан мектептерді реновациялау бағдарламасы шеңберінде биыл күрделі жөндеуден өтетін №12 орта мектепке де арнайы барды. 1979 жылы салынған бұл білім ордасын жыл соңына дейін толық жаңғырту жоспарланған. Жалпы облыс бойынша 21 мектепке реновациялық жұмыс жүргізіледі. Министр Ақтау халықаралық мектебінің (AIS) оқу барысымен танысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауқымды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында жарты миллионға жуық оқушы орнына арналған 217 мектеп салынуда. Бұл – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тең, қауіпсіз әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған ерекше жоба. Биыл басталған мектептерді реновациялау бағдарламасы бойынша 1300-ге жуық мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Барлық мектептер жаңа заманауи стандарттарға сай болуы керек. Өйткені, инфрақұрылымды жақсарту - сапалы білімге қол жеткізудің тетіктерінің бірі» Ғани Бейсембаев

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев білім сапасын көтеру, «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбиелік жұмыстарды күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру сынды маңызды бағыттарға ерекше көңіл бөліп, нақты тапсырмалар жүктеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -