Теміртауда түрлі мамандықтағы сегіз әйел қала әкімінің «Өрлеу» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ол дәстүрлі түрде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өміріне үлес қосқан тұрғындарға беріледі.
Байқауға қатысуға өтінімдер осы жылдың наурыз айында қабылдана бастады. Барлығы 30 өтініш келіп түсті. Олардың ішінен арнайы құрылған комиссия әр түрлі санаттан сегізін іріктеп алды.
«Мемлекеттік басқару» номинациясында Теміртаудың «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі Наталья Ерохина марапатталды.
«Теміртау-авто» көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі директор Вера Антонова «Бизнес» санатында үздік деп танылды.
«Денсаулық сақтау» номинациясында Облыстық психикалық денсаулық орталығының диспансерлік бөлімшесінің медбикесі Айткүл Нұрғалиева лауреат атанды.
– Байқауы туралы маған ұлым айтты. Ол сондай-ақ толық ақпарат жазылған сайттың мекенжайын да берді. Мен қатысуға бел будым. Барлық қажетті құжаттарды жинап, өтінім бердім. Жеңгенімді естігенде, әрине, өте қуандым. Бұл қажырлы әрі адал еңбектің әрдайым марапатталатынын дәлілдейді. Менің өтілім үлкен – 25 жыл, тек наркологияда жұмыс істегеніме 20 жыл болды. Әрине, наркологиядағы еңбек физикалық жағынан да, моральдық жағынан да күрделі, бірақ мен оны орындай аламын. Пациенттерге деген көзқарасымды тауып, түсіністікпен қарауға тырысамын, – деп бөлісті Айткүл Нұрғалиева.
«Білім» категориясы бойынша сыйлық Қарағанды индустриалды университетінің энергетика кафедрасының меңгерушісі Сәуле Қамароваға табысталды.
«Мәдениет» номинациясында Теміртау мәдениет, демалыс және гүлбақтар басқармасы бөлімшесінің меңгерушісі Ботагөз Тәшенова үздік атанды.
«Қоғамдық ұйымдар» аталымы бойынша сыйлық «Менің үйім» халыққа әлеуметтік көмек көрсету және дамыту орталығының төрайымы Ирина Ждановаға табысталды.
«Спорт» санатындағы сыйлыққа есу спорты бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің жетекшісі Сағат Әбдірахманова ие болды.
«Жұмысшы кәсібі» номинациясында «ТЭМК» АҚ токарлық бөлімінің термисті Наталья Каменская үздік деп танылды.
Теміртау қаласы әкімінің «Өрлеу» сыйлығы төртінші рет тапсырылуда.