1518

Қазақстан саяхатшыларының сүйікті сервисінің тарихындағы жаңа тарау, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанда ұшақ билеттерін сататын Aviata.kz сервисі ауқымды ребрендинг өткізіп, атауын Freedom Travel деп өзгертті.

Авиата мұрасының жаңа кейпі

Платформаны айына 80 мың клиент қолданады, ал 2024 жылы сатылған билеттерден түскен табыс 100 миллиард теңгеден асты. Мұндай сенім — сервистің көп жылдық жұмысы мен тұтынушының қалағанына аса көңіл бөлгеннің жемісі.

«Біз әр адам еркін өмір сүре алатын, еркін саяхат ете алатын, еркін инвестиция құя алатын әрі еркін дами алатын цифрлық экожүйе қалыптастырып жатырмыз. Авиатаны сатып алғанымыз Freedom экожүйесінің дамыту мақсатымен басқан маңызды қадамымыз болды. Ал Авиатаны Freedom Travel деп өзгерткеніміз — осы жолдың келесі кезеңі. Бұл ребрендинг жай атау ауыстыру емес, саяхатқа шыққысы келген қазақстандықтарға еркіндік ұсынайық деген талпынысымыздың қадамы. Біз Freedom SuperApp-қа біріктірілген сервистеріміздің бәрін талай жылдық табысты тәжірибеміз бен клиент сеніміне сүйеніп дамытып жатырмыз. Енді біз клиенттерімізге экожүйеміздің аясында әр саяхатты жайлы әрі қауіпсіз ететін де, тиімді ететін де ерекше мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз. Ендігі мақсатымыз — әркім сапарын оп-оңай жоспарлай алатын, сол үшін кешбэк ала алатын әрі сапалы қызмет көре алатын платформаны ары қарай жетілдіру. Біз Freedom Travel әр клиентке күн демей, түн демей қамқор бола отырып жаңа хикая мен ұмытылмас саяхатта арқа сүйер серік боларына сенімдіміз» Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі оның басшысы

© Freedom Finance баспасөз қызметі

Бұл негізгі құндылықтарымызға әр сапарды жайлы қылып қана қоймай, тиімді ететін жаңа басымдықтар қосылады. Freedom инвестициялық валютасы ретінде берілетін кешбэк ұшақ билетінің нарықтағы ең тиімді бағасын ұсынуға септігін тигізеді. Әсіресе тур алғанда кешбэктің арқасында клиент қанша үнемдейтіні айқын көрінеді. Себебі турдан түсетін кешбэк 130 000 теңгеге жетуі мүмкін. Соның арқасында саяхат әсер жағынан ғана емес, қаржы жағынан жағымды бола түседі.

Freedom экожүйесімен бірлескеннің арқасында клиенттер 150 астам елде қымбат роуминг тарифтерін алмай-ақ байланыста қала алады. Компания турист сақтандыруына қатысты нюанстарды да өзгертті. Сақтандыру жағдайы болғанда клиент Freedom Travel чатына жазса болды (шетелде жүрген клиенттерімізге арналған бөлек қолдау желісі бар), оған компанияның қызметкерлері сақтандыру компаниясымен бірігіп көмектеседі. Бұл айтқан функционалдардың бәрін әзірге тек Freedom SuperApp клиенттері пайдалана алады.

Ребрендинг өткеннен кейін Aviata сайты мен қолданбасының аты мен дизайны автоматты түрде өзгереді. Клиенттердің бар дерегі сол сүйі сақталады, ал бұрын алынған билеттер жарамды болып қала береді. Айта кеткен жөн, Freedom Travel-дан брондалған билеттер мен турлардың ақысын кез келген банктің картасымен төлей беруге болады. Барлық қолданушы сервисіміздің игілігін көре алады. Десе де, Freedom экожүйесінің клиенттері қосымша бонус ала алады, мысалы, Freedom инвестициялық валютасы түрінде берілетін кешбэк ала алады.

фото Катерина Малама/digitalbusiness.kz

«Тұтынушыға қамқор болу біздің басты құндылық болып қала бермек. Еркіндік деген жай атау ғана емес. Еркіндік — қалауыңызға қарай сапар шегу мүмкіндігі. Біз сенім, еркін таңдау және оңай жоспарлау мүмкіндігі мол саяхат ұйымдастырамыз» Аюна Вальтер, Freedom Travel CEO-сы

12 жыл жалғасқан саяхат

Сервистің жетістіктері мен трансформациясының түп-тамыры тереңде жатыр. 2013 жылы Анна және Алексей Ли құрған Авиата Қазақстанда билеттерді онлайн брондау мәдениетін өзгертіп қана қойған жоқ, мыңдаған хикаяға — көптен күткен кездесу, маңызды іс-шара, ұмытылмас оқиғаға — үлес қосқан сенімді серікке айналды. Стартап ретінде басталған компания 12 жылда мыңдаған қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне — цифрлық саяхат әлемінде қамқорлық, сенім мен жылудың синониміне айналды.

2023 жылғы сәуірде компанияда маңызды өзгеріс болды — Авиата Freedom Holding Corp. құрамына кірді. Одан кейінгі екі жыл клиенттің қалауына сай болуды ғана емес, одан да асып түсуді көзгеден трансформация кезеңі болды.

«2013 жылы құрылған Авиата сол жылдары көз ұзамай онлайн агенттіктер нарығының озығы болып, көшеде тұрған әуе кассалардан онлайн билет алуға көшіп, нарықтың кейпін өзгертті. 2023 жылы Авиата Freedom холдингінің құрамына кірді. Биыл Freedom суперапы Қазақстан азаматтарының жүрегін жаулап жатыр, сондықтан қазір — Авиата брендін Freedom Travel деп өзгертіп, экожүйемізді одан да күшейтетін сәт деп шештік. Фридом холдингінің бірлескен күшінің арқасында клиенттерге ең жақсысы ұсыналады. Мысалы, халықаралық билет алған жолаушы тегін роуминг, медициналық сақтандыру, WhatsApp арқылы қолдау мен Freedom-нан мол кешбэк алады» Алексей Ли, Авиатаның негізін қалаушы

weproject.media

Қазір Авиата айына 200 000 ұшақ және пойыз билетін сата отырып нарық үздіктерінің бірі болып отыр. Freedom Travel — Авиатаны ерекше қылғандардың эволюциясы.

Ертеңіміз бүгін басталады

Freedom-ға қосылғанымыз бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Холдингтің технологиялық мүмкіндіктерін саяхатшы қалауын түсіне отырып біріктіру Freedom Travel-ға жол ашады.

Freedom экожүйесіне қосылғаннан кейін Freedom SuperApp-тың 2 миллионнан астам белсенді қолданушысы саяхат жоспарлайтын платформаның игілігін кедергісіз көре алады, ал Авиатаның клиенттері Freedom экожүйесінің қаржы, инвестиция және лайфстайл мүмкіндіктерін пайдалана алады. Аудиториялардың бұлай біріккені өңірдегі ең ірі технология, ыңғай мен таңдау еркіндігін бағалайтындар қауымдастығын құрып отыр.

Freedom Travel алдағы бірнеше жылдың ішінде Қазақстанның онлайн брондау нарығындағы үлесін 3 есе арттырғысы келеді әрі Орталық Азиядағы цифрлық саяхат үздіктерінің бірі болғысы келеді.

Freedom Travel — клиенттің әр қызығында, әр жаңа бағытында, әр батыл жоспарын іске асырғанда жанынан табыламыз деген уәде. Бұл — ескірген стандарттарға деген сын мен қызмет көрсетудің жаңа әрі үздік деңгейін жасаймыз деген бір батыл қадам.

Қаттырақ. Батылырақ. Еркінірек.

Freedom Travel

Біз әрдайым жаныңыздамыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -