Семейде 272 миллион теңге сомасында заңсыз құм қазу схемасы әшкере болды

1441
Фотосурет: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.   

Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.

Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріпмемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.

Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 млн теңгеден асты.

Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 млн теңге мөлшерінде табыс тапқан.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 млн теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -