Ұландық Милад Карими Мысырдағы Әлем кубогының кезеңінде "алтын" алды

1474
Фотосурет: Olympic.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының атынан Каирде (Египет) өткен Әлем Кубогының қорытынды кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Финалда Карими еркіе жаттығуларда 14,133 ұпай жинап, кәсіби шеберлік көрсетті. Оның ең мықты қарсыласы Болгар гимнастшысы Эдди Пенев 13,966 ұпай жинады. Қола жүлдені 13,866 ұпаймен украиналық Назар Чепурный жеңіп алды.

Каирдегі жеңіс Милад Каримиге еркін жаттығулардан Әлем кубогының жалпы есебінде І орынға шығуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бұған дейін Карими Хорватияда өткен Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иегері атанып, халықаралық спорт аренасында өзінің жоғары дайындығы мен көшбасшылық позициясын нақтылаған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -